Бір болайық жұмақта. Әлі есімде,барлығы,әлі есімде, Бала кезгі достарымның күлкілері. Үш досымнан айырылдым сенесіңбе? Жүрегімнің табыларма шіркін емі? Жылап жатқан жүректі сезесіңбе? Досы жоққой,өзгелерге бұл кім еді? Ең соңғы рет көргенім бар есімде, Бірақ ол кез,жаздың жайлы бір күні еді. Саусақпенен санарлықтай еді менің достарым, Ажал алып кетті бәрін,сәтте болды қас-қағым, Маңдайыма жазғанын мен,көрмегенде қайтемін? Сондықтанда зәрумін мен,содан бері досқа тым. Балалық шақ.Жаз мезгілі,аптап ыстық далада, Күн батқан соң,төртеуіміз жасырынбақ ойнадық. Жар астына жасырынған еді сонда бір досым, Бастырылып қалды бірде,болмап еді ойда түк. Жедел жәрдем келгенінше,кетті оның жаны ұшып, Көзден жасым толастамай,жаңбыр болып су ақты. Үшеу болып қалғаннан соң,қарайласам жан-жаққа, Арамызда әлгі досым,әлі жүрген сияқты. Біраз уақыт өтіп еді,одан кейін арада, Сабақ бітті,улап-шулап шығып едік далаға. Маңымызға тоқтады кеп,көлікпенен бір жігіт, Оққа ұшырды,қалған достың,біреуін кеп тағыда. Шиқылдатып әлгі жігіт,кетті қашып көлікпен, Мына өмір,тастады ғой тез арада өктем қып. Қалдық енді екеу болып,әлгі адамнан екеуміз, Аламыз деп кегімізді,бірімізге серт бердік. Бірер жылдар өткенен соң,қалдық түспей оқуға, Қанығымен анығын білеміз деп өткеннің. Іздеп жүрген әлгі адам,алдымыздан шықты өзі, Ерегісіп біздерменен,кетті шығып шектен тым. Ашуменен досым менің «жауап бер сол ісіңе, Нендей себеп болды сенде,айтшы маған осы үшін?». -деп айқайлап,ұрып-соғып,оны-дағы аямай, Өлтіріпті,құрбан болған,сол баяғы досы үшін. Робыдыдан келді хабар «өлтірді адам досың»- деп, Сене алмадым басында мен,кетті түсіп көңілім. Болған шығар,мына жалған шырағымды өшірмек, Осылайша,астаң-кестең болды менің өмірім. Жан-жағымда,қайсысы дос,білмей қалдым елес кім? Сынадыма мына жалған,жеке мені жалғыз қып. Содан бері,жалғыз қалған тыл жетіммен теңестім, Осы күнде,нағыз досым,айтар болсам жалғыздық. Күндер өтті,өтті айлар,өтті тағы жыл,апта, Кейде оларды,сағынамын,еске аламын жылапта. Шетке сырып пенделікті,жалғыз өзім өмірде, Төтеп берем сендер үшін,болсын қандай сынаққа. Нағыз достар кетті әрқайсы,тастап мені жыраққа, Бірақ ие болдық біздер,достар деген ұлы атқа. Бір болмасақ бұл өмірде,болмайақта кетейін, О Жаратқан сұранамын,бірге қылшы жұмақта!

Теги других блогов: поэзия дружба потеря