Мен,Әзізбеков Нұрбек Алтынбекұлы 1996 жылы 26 қазанда, Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келгенмін.
Тегім-Дулат, әкем-Алтынбек,анам-Гүлнар,
Қазақпын деп айтамын дүниеге жар,
Өнерлі жастар жиналыпты мына жерге,
Сәттілік сіздердің бәріңізге!
Атым-Нұрбек,перзентімін алашымның,
Ұланымын бүкіл қазақ даласының,
Бұл жарысқа қатысатұғын жайым бар,
Өлең арнап қасиетіне анашымның.
Анашым!
О,ана!
Қандай ыстық,қандай жақын,
Туды сенен талай дана, талай ақын,
Құрмейттейміз сіздерді, ұмытпаймыз,
Тұнып тұрған қасиет қой сенің затың.
Түн ұйқыңды төрт бөлдің мен үшін,
Қиын сәтте бердің маған қол ұшын,
Үмітіңді ақтаймын мен биіктерге көтерем,
Бұл менің саған берген үәдем, шын.
Айналайын,айналайын,жан анам,
Дәл өзіңдей бұл жалғанда бар ма адам?
Ақ жаулықты қасиетті анашым,
Бас иіп өзіңе мен табынам.
Сыйлап өтем мен өзіңді,мәңгі,
Өсірдің, мәпеледің жан балаңды,
Ана деген бұл өмірде біреу-ақ,
Ей,бауырым сыйла мәңгі анаңды!