Мен Зинелқабдиев Айдынбек Мырзабекұлы 1995 жылы 21 Қарашада Атырау қаласы Құрманғазы ауданында дүниеге келдім.Қазір Әбу Сәрсенбаев атындағы қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысымын. Мүшәйраның қатысушыларына сәттілік тілеймін.
Табиғатта романтика
Ұнатамын табиғаттың тылсым күшін,
Ұнатамын таңғажайып құбылысын.
Толып жатыр табиғаттың кереметі,
Ұнатамын неше түрлі ғажап түсін.
Жаңбыр жауса керемет нөсерлетіп,
Шығар едім қасыма жанымды ертіп.
Романтика емес пе тамшы астында?,
Жүрер едік ғашықтардың күйін кешіп.
Содан кейін шықса ғажап кемпірқосақ,
Қол ұстасып жаныммен тамашалап.
Сыйлық етіп берер едім мен жаныма,
Қиялыммен кемпірқосақтан жүрек жасап.
Қатты ойнаса найзағай,күн күркіреп,
Қыз қорқады нәзік жүрегі лүпілдеп.
Осы сәтте қыз жүрегін тербесең,
Романтика емес пе бұл керемет?.
Жапалақтап жауса шіркін алғашқы қар,
Керемет күн кездесетін шын ғашықтар.
Аппақ қардай сезімдері пәк болса,
Суық болса да жылытатын жүрек бар.
Жел соғып,дауыл тұрса гуілдеп,
Қорқынышты.Басып алар үрей кеп.
Осындай кез естелік қой өйткені,
Жақындайды бір-біріне ғашық жүрек.
Бәрінен де ең керемет құбылыс,
Ашық аспан,жарық ай,сансыз жұлдыз.
Сүйіктіңмен бір жүргенге не жетеді,
Махаббатқа ең қолайлы осы дұрыс.
Айға қарап,жұлдыз санап аспандағы,
Бөленер ек сезімге балдай тәтті .
Сұлуыммен отырып сыр ақтарсам,
Ұнатамын сондай түнгі табиғатты.
Махаббатқа үлес қосады табиғатта,
Үлес қосар соққан дауыл,жауған қарда.
Табиғатты түсінетін адам болса,
Романтика,мұның бәрі романтика.